Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Қыркүйек, 2016

1392

«Отбасы – кіші мемлекет»

19 қыркүйек күні Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында медиация кабинетінің ұйымдастырумен Қазақстан – Ақтөбе телерадио компаниясындағы «Біз айтпасақ, кім айтады?» ток-шоу бағдарламасына бір топ азаматтар қатысты. Телехабар елімізде аталып өткен Отбасы күні мерекесіне орайластырып, «Отбасы - кіші мемлекет» деген тақырыпта өткізілді.

Қатысушылардың құрамында Ойыл ауданының аналар кеңесінің төрайымы, кәсіби емес медиатор Г.С. Булаева, үлгілі отбасы, шаңырақ көтергендеріне 60 жыл болған Тойғызов Айтқали мен Төлеу қарттар, «Медиацияны дамыту орталығының» Республикалық қоғамдық бірлестігінің медиаторы С.Р. Сидахметова, психолог, отбасылық консультант Б.К. Уайысова, С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкері Т.Тілеулесов, «Ақтөбе облысы әкімі аппараты» ММ-сі «Қоғамдық келісім» КММ-нің медиаторы К.Ұ.Қауысова қатысты.

Хабар тақырыбы бойынша  пікір айтушылар отбасының бірлігі, сақталуы және оны нығайту бағыттарына қатысты өз ойларымен бөлісті. Телехабар «Отбасы қоғамның негізгі бөлшегі болып қала береді» – деген қорытындымен аяқталды.

Ақтөбе облысы әкімі аппараты» ММ-нің

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Кейін қарай