Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Ақпан, 2020

872

Павлодар: Корей Елшісі ҚХА мүшелерімен кездесті

Достық үйінде Корей орталығы мүшелерінің Қазақстандағы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Дэ Сик мырзамен кездесуі өтті.

Облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Айнұр Сәрсенбаева Достық үйінің этномәдени бірлестіктері мен Ассамблея жұмысына қысқаша тоқталып өтті.


Корей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Раиса Афанасьева орталық активімен таныстырып, қонақтармен корей этномәдени бірлестігінің қызметі мен жетістіктері туралы ақпаратпен бөлісті.

Кейін, маман Жұпар Нұрахметова қонақтарды мұражай тарихымен, әр халықтың тұрмыс заттарымен, тарихи экспонаттармен таныстырды.


Өз кезегінде Ким Дэ Сик мырза тілектер кітабында өзінің пікірлерін жазып қалдырды. Онда Қазақстан мәдениеттер мен этностардың бірлігі мен алуан түрлілігімен танымал екендігі тілге тиек етілген.

Кейін қарай