Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Ақпан, 2021

455

Павлодарда этномәдени бірлестіктердің мүшелері қазақ тілін онлайн үйреніп жүр

Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты «Ана тілі» орталығының «Келіңіздер, қазақша сөйлесейік» жобасына өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қолдау көрсетті

«Ана тілі» орталығының директоры Шолпан Кенжекова карантин жағдайында QR-кодты сканерлеп ana-tili.kz сайты арқылы қазақ тілін оқып үйренудің тиімділігі туралы айтып берді.

- Бұл сайтта пайдаланушы түрлі тапсырмалар мен тілдік модульдерді таңдап, орындай алады. Тапсырмалар күнделікті өмірдегі жағдаяттарға лайықталған. Сондықтан тіл үйренушілер қарапайым сөз тіркестерін жаттап, қолдану дағдыларын тез жетілдіре алады, - дейді ол.

Осы жоба арқылы тіл үйрене бастаған этнос өкілдері жаңа әдістеменің тиімділігін де растады. «Буковина» румын-молдаван мәдени қоғамының өкілі Ольга Пфафенгут:

- Сайт арқылы орындаған тапсырмалардың жауаптарын оқытушылар күнделікті тексеріп, қателіктермен жұмыс істеуге кеңес береді, яғни кері байланыс жақсы жолға қойылған, - дейді.

Атап өту керек, Павлодар облысындағы Қазақстан халқы ассамблеясы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Кейін қарай