Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Мамыр, 2019

5835

Павлодарда түрлі этностар мен ертегі кейіпкерлерінің бас киімдері, әшекей бұйымдары, киімдері ұсынылған көрме ашылды

Павлдардағы Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай «Ұлттық нақыштар» атты көрме жұмыс істей бастады.

«Бұл Қанат Даржұманов атындағы ұлттық жаңғыру мектебі мен көркемсурет мектебінің бірлескен жобасы. Көрмеге 85 оқушы қатысқан. Оның ішінде ерекше әсем костюмдер мен  көзге түскен «Бельканто»  ансамблін атап өтуге болады. Мұндағы басты мақсат - өткен тарих пен салт-дәстүрге сүйене отырып, жастарды шығармашылық әлеуетін дамыту, облыста тұратын тұрғындардың ұлттық киімдері және әшекей-бұйымдарымен таныстыру», дейді этнография және жалпы тарих тарих бөлімінің басшысы Шолпан Абыкешова.

Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына 100-ден  астам экспонат  ұсынылды. Оның ішінде әртүрлі ұлттың бас киімдері, әшекей бұйымдары, Ертіс өңірінде тұратын 18 этнос өкілінің киімдері, «Ер Төстік» «Алдар Көсе» сияқты ертегі кейіпкерлерінің киімдері ұсынылған. Жұмыстарды орындау барысында папье-маше, коллаж, текстиль, полимер сазы, киіз, живопись, фэлтинг және аралас техника қолданылған.  

Кейін қарай