Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Ақпан, 2021

596

Павлодарлықтар «30 игі іс» марафонын жалғастырды

Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясы Алғыс айту күні мен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» қайырымдылық марафонын бастады.

«Халкъан Барт» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшелері 75 көп балалы және аз қамтылған отбасыға азық-түлік себеттерін табыстады. Шешен-ингуш ЭМБ төрағасы Михаил Аушев соғыстың ауыр жылдарында ата-бабаларына қол ұшын созған қазақ халқының мейірімділігі мен жанашырлығына ризашылығын жеткізді.

Шешен-ингуш ЭМБ ақсақалдарының бірі Хамзат Даурбеков Қазақстанға депортацияланғандағы қиындықтары мен ауыр сынды еңсере алмай қаза тапқандар туралы айтып берді.

«Ар-Рахым» мешітіне жиналғандар сол жылдары қаза болғандардың рухына арнап дұға бағыштады. Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Бердімұратов ата-бабаларды құрметтеудің маңыздылығын атап өтті.

- Шешен-ингуш диаспорасы осы құндылықтарды негізге алып, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға септігін тигізетіні қуантады, - деді ол.

Кейін қарай