Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Сәуір, 2022

516

Песах мерекесі аталып өтті

Еврей этномәдени бірлестігі Песах мерекесін атап өтті. Мерекеге Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Болатбек Айтбенбетов, өңірдегі этномәдени бірлестіктің жетекшілері мен белсенділері қатысты.

Песах - еврей этносы мерекелерінің ішіндегі ең көнесі. Ол еврей тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі - Мысыр құлдығынан шығуымен байланысты. Бұл күні мерекелік дастарханда матцо ашытқысыз нан, балық және ащы тағамдар болады. Ең қызығы тәттілер мүлдем қойылмайды.

Еврей этномәдени бірлесітігінің жетекшісі Вера Иванованың ұйымдастырумен өткен шарада қонақтар бір-біріне жақсы тілектер айтып, жылы лебіздерін білдірді. Мерекенің шығу тарихы, оның мән-мағынасы туралы мәліметтер алды. Әсем ән орындалып, қонақтар қызықты естеліктерімен бөлісті.

Кейін қарай