Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Наурыз, 2021

4384

Петропавлда ассамблея аруын таңдады

Петропавлда этномәдени бірлестіктер арасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ассамблея аруы 2021» онлайн-конкурсы өтті.

Конкурсқа 16-29 жас аралығындағы қыздар қатысты. Этномәдени бірлестіктердің атынан байқауға қатысушылар туған тілін, ұлттық дәстүрлерін жақсы білетіндігін көрсетті.

Конкурс қорытындысы бойынша «Әсемдік аруы» номинациясында «Кентрон» армян мәдениеті орталығының белсендісі Рузана Малхасян жеңіске жетті. «Көктем аруы» номинациясына «Hangug Qazagstan» корей этномәдени бірлестігінің өкілі Вера Кан ие болды. «Urpaq» қазақ мәдени-ағартушылық орталығы» қоғамдық бірлестігінің белсендісі Әсел Баймульдинова «Қиялшылдық аруы» атанды.


«Дуслык» татар-башқұрт орталығының өкілі Лилия Акулина «Нәзіктік аруы» номинациясын иеленді. «Мисс улыбка» номинациясында «Сібір казактарының бауырластығы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Рассохина Карина жеңді. «Urpaq» қазақ мәдени-ағартушылық орталығының белсендісі Жақсыбай Ханшабибі «Сәнділік аруы» атағын алды. «Ассамблея аруы 2021» номинациясында «Радзіма» Солтүстік Қазақстан облыстық белорус мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі жастар қанатының көшбасшысы Юлия Сысоева жеңімпаз атанды.

Барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Кейін қарай