Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Қазан, 2021

244

Петропавлда дәстүрлі «Покровский перезвон» фестивалі ұйымдастырылды

Петропавл қаласындағы филармонияның концерт залында жыл сайынғы орыс, славян және казак мәдениетінің «Покровский перезвон» фестивалі өтті. Аталмыш фестиваль «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстан Респуликасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту құрметіне өткізілді. Оған Петропавл қаласынан, облыс аудандарынан және Алматы қаласынан 18 шығармашылық ұжым мен солистер қатысты.


Концерт Петропавл епархиясының дін қызметкері иерей Антоний Шувакиннің батасымен басталды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздің комитетінің мүшесі Наталья Дементьева, казак атамандарының үйлестіру кеңесінің төрағасы, генерал Юрий Захаров, сондай-ақ ҚХА этносаралық қатынастар және өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Бағдат Мұқанова құттықтады.


Фестиваль түрлі ұлттар мен мәдениетін біріктіретін тарихи дәстүрге айналды.

Кейін қарай