Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Желтоқсан, 2020

666

Петропавлда «День казачки» VII Халықаралық фестивалі өтті

4 желтоқсанда қалыптасқан дәстүр бойынша Петропавл қаласында «День казачки» VII Халықаралық фестивалі өтті. Фестиваль құрылтайшысы - Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Сібір казактарының бауырластығы» қоғамдық бірлестігі.

Ауқымды іс-шараға Петропавл қаласы, облыстағы Жамбыл, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев ауданы, сондай-ақ Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының және Ресей Федерациясы Қорған қаласының казак мәдениеті өкілдері жиналды.

Онлайн фестивальге 10 мен 80 жас аралығындағы өнерпаздардан құралған 18 шығармашылық ұжым мен солистер қатысты. Жамбыл ауданы Казанка ауылының мектеп оқушылары керемет ән шырқаса, Преснов халық театрының жас актері Шипилов Александр өз өнерін паш етті.

Фестивальдің барлық қатысушыларына лауреат атағы беріліп, «Сібір казактарының бауырластығы» қоғамдық бірлестігінің дипломдарымен марапатталды.


Кейін қарай