19 Маусым, 2019
1882
Петропавлда «Елбасы ізімен» экскурсиялық маршруты ұйымдастырылды
Солтүстік Қазақстан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ел басқаруындағы 30-жылдығына арналған «Елбасы ізімен» экскурсиялық маршрут ұйымдастырды.
Оған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жастар қанаты, «Жаңғыру жолы» қозғалысы штабының мүшелері, еріктілер және Жеткіншектер үйінің тәрбиеленушілері қатысты.
Шеру Петропавл қаласының Тұңғыш Президенті саябағындағы алаңда «Мақтанышым Елбасы» әнімен жаппай биден басталды.
Одан әрі жоспар бойынша облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қатысушыларға Н.Ә. Назарбаевқа арналған залдың экспозициясын таныстырды.
Достық үйінде қатысушыларды дәмді бауырсақтар мен шашумен қарсы алып, Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасының бастамасымен құрылған бірегей институт болып табылатыны тілге тиек етілді.
Ұлт Көшбасшысының атын иеленген көшеде белсенділер үшін біздің қаламыздың тарихын білуге викторина ұйымдастырылып, әрбір дұрыс жауап үшін оларға тәтті сыйлықтар табыс етілді.
Ұлттық банктің облыстық филиалындағы Ұлттық валюта мұражайында қатысушылар бағалы монеталармен көрмесімен танысып. Қазақстандағы банк саласының қалыптасу тарихы туралы ақпарат алды.
Маршруттың соңы Абылай ханның резиденциясымен аяқталды. Өйткені Елбасы оның құруына тікелей ат салысты. Қатысушылар салтанатты баспалдақпен көтеріліп, Тұңғыш Президенттің тұлғасына арналған экспозициямен танысты және мұражай кешенінің ашылуына арналған фотокөрмені тамашалады.
Экскурсиядан кейін қатысушылар Н.Ә. Назарбаевтың сүйікті «Весна на Заречной улице» әнін бірге орындады. Олар жаңа білімдермен жігерлендіріліп, іс-шара соңында қатысқандары үшін сыйлықтар мен сертификаттармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының рөлін арттыру» тақырыбымен ZOOM-конференция өтті
-
Маңғыстауда «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өтті
-
«Ассамблея жастары» белсенділері «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне ұлттық ойындарды үйретті
-
Алматыда Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кездесу өтті
-
Семейде «Тұңғыш Президент Жолымен» халық экспедициясының» шеңберінде шаралар өтті
-
Қарағандыда Еркіктілер жылы салтанатты түрде бастау алды
19 Сәуір, 21:38
Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберді
сегодня, 10:21
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
сегодня, 11:50
БІРЛІК ЖҮГІРІСІ
сегодня, 11:47
ШЫМКЕНТ Қ. ҚХА МҮШЕЛЕРІ 25 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
сегодня, 17:41
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады