Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Наурыз, 2022

437

Петропавлда ЭМБ бүлдіршіндері арасында ассамблея аруы анықталды

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Ассамблея аруы» байқауын өткізуді дәстүрге айналдырған болатын.

Биылғы «Ассамблея аруы – 2022» байқауы Солтүстік Қазақстан облысы этномәдени бірлестіктер қатарындағы 4-10 жас аралығындағы жеткіншек қыздар арасында өтті. Байқауға Петропавл қаласы мен облыс аудандарынан барлығы 27 үміткер қатысты.


Байқаудың қазылар алқасының қорытындысы бойынша жиырма бес қатысушыға түрлі номинациялар берілді. Мысалы, төрт жасқа толмаған ең жас қатысушы Хан Арианнаға «Бүлдіршін» номинациясының иегері болса, өзбек этносының өкілі Нұрғыман Әдина «Жас жұлдыз» номинациясын жеңіп алды. Поляк тілін еркін меңгерген әрі қолаң шашымен көзге түскен Каролина Тябус «Кішкентай су перісі» номинациясын жеңіп алды.


«Ассамблея аруы-2022» байқауының вице-аруы» номинациясын қазақ этносының өкілі Жамбыл ауданынан келген 6 жасар Томирис Шумекова жеңіп алды. Ассамблея аруы-2022 атағын 8 жастағы Даяна Мударисова алды. Даяна «Дуслык» Солтүстік Қазақстан облыстық татар-башқұрт қоғамдық орталығы» қоғамдық бірлестігінің белсендісі.

Кейін қарай