Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Наурыз, 2021

877

Петропавлда этномәдени бірлестік өкілдері басқосты

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері Көрісу күні қарсаңында қазақы киіз үйде мерекелік дастарқан жайып, басқосты.

Басқосу барысында домбырамен халық әндері шырқалып, мереке туралы жылы әңгімелер айтылды. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушылары іс-шараға қатысушыларға қазақ ұлттық ойындарын үйретті.


Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблея мүшелері «достық ағаштарын» отырғызды. «Достық ағашы» - елімізде тұрып жатқан көп этностың ынтымағы мен бірлігін бейнелейді. Басқосуда алдағы мереке күндерінің жоспары талқыланды.

Кейін қарай