Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Қазан, 2021

301

Петропавлда ҚХА медиаторлары халықаралық тренингке қатысты

Петропавл қаласындағы «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинеті М.Қозыбаев атындағы СҚУ «Құқықтық пәндер» кафедрасымен бірге, АҚДМ және «Мир» Өңіраралық медиация орталығы» ЖМ жобасы бойынша «Медиативтік стильдер» тақырыбына халықаралық тренингке үлес қосты.

Оған СҚО ҚХА құрамына кіретін кәсіби медиаторлар, оқытушылар, сондай-ақ, «Құқықтану» мамандығы бойынша оқитын студенттер мен магистранттар қатысты. Болгариядан келген халықаралық медиатор Т.А.Дронзина бас жаттықтырушы болды. Әулие Климент Озридский атындағы София университетінің саясаттану ғылымдарының докторы Т.А.Дронзина 2012 жылдан бастап ҚХА-мен ынтымақтасады. Медиатор Г.Н.Мұсабаева жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, медиативтік стиль туралы бірқатар маңызды мәселелерді көтерді.

Тренинг соңында «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің басшысы Г.Н.Мұсабаевамен ынтымақтастық туралы ашық ұсыныс жасалып, Т.А.Дронзинаның медиация саласындағы ынтымақтастық туралы келісімі алынды.


Кейін қарай