Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Қазан, 2019

1213

Петропавлда медицина ғылымдарының докторы Жанбатыр Сартаевтың 80 жылдық мерейтойы аталып өтті

«Urpaq» қазақ мәдени-ағартушылық орталығы» қоғамдық бірлестігінің құрамында мәдениет, өнер, ғылым, қоғамдық қызметте жетістікке жеткен белгілі тұлғалар аз емес. 

Олардың бірі - профессор, медицина ғылымдарының докторы, ғалым, 80-нен астам оқулық пен ғылыми-әдістемелік құралдардың авторы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Сартаев Жанбатыр Нұртайұлы.


Петропавлдағы Достық үйінің мәжіліс залында жиналған «Urpaq» қазақ мәдени-ағартушылық орталығының өкілдері, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері мерейтой иесін құттықтап, оған ғылымның дамуына, жас ұрпақты тәрбиелеуге, ғылыми қызметке деген сүйіспеншілік пен құрмет көрсетуге қосқан үлесі үшін алғыстарын білдірді.


Университет атынан мерейтой иесін ғылым және инновация жөніндегі проректор Ақмарал Ибраева Ғосманқызы құттықтап, Жанбатыр Нұртайұлына академик Манаш Қозыбаевтың алтын медалін табыс етті.


«Urpaq» қазақ мәдени-ағартушылық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбахша ежелгі қазақ дәстүрі бойынша Жаңбатыр Нұртайұлына жас ұрпаққа қазақ халқының мәдениетін сіңіру, Сартаевтар әулетінің жалғасуының символы ретінде қамшыны сыйға тартты.


Кейін қарай