Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Қазан, 2021

310

Петропавлда Рухани келісім күніне орай қалалық семинар ұйымдастырылды

Петропавл қаласында Рухани келісім күніне орай «Этносаралық және конфессияаралық келісім – азаматтық қоғам тұрақтылығының негізі» атты қалалық семинар өтті.

Аталған шараға Петропавл қаласы әкімдігінің бөлім басшылары, дәстүрлі конфессиялардың діни қызметкерлері, этномәдени орталықтардың, жастар ұйымдарының өкілдері, оқушылары және Zoom платформасы арқылы аудандық ішкі саясат бөлімдерінің өкілдері қатысты. Бұл семинар азаматтық қоғамның бейбітшілігі мен келісімін нығайту, жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, ксенофобияның, діни экстремизм мен терроризмнің енуіне қарсы тұру мақсатында өткізілді.


- Біздің еліміз көптеген этностардың, конфессиялардың бірыңғай қоғамда өмір сүре алатындығының, мәдениеттің, тілдің, діннің өзіндік ерекшеліктеріне ие бола алатындығының дәлелі болып табылады. Тілдерді үйрену, қандай да бір дінді ұстану үшін барлық жағдай жасалған. Міне, осының барлығы біздің полиэтникалық палитрамыздың дамуына мүмкіндік береді, - деді «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Д.Уразбаева.

Семинар барысында сындарлы ұсыныстар айтылып, тиісті тұжырымдар мен қорытындылар жасалды.

Кейін қарай