Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Мамыр, 2021

28068

Петропавлда Славян жазуы мен мәдениет күніне орай шара ұйымдастырылды

Петропавл қаласында Славян жазуы мен мәдениеті күні Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының алаңында «Кирилло-Мефодьевское наследие» халықаралық мәдени бағдарламасы өтті.


Халықаралық кездесуге Қазақстан, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында славян тілдерінің тарихи даму мәселелері талқыланып, славян халықтары елдерінің әдеби және мәдени байланыстары қаралды.

Кездесуде Қазақстанды «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» (ОСКҚ) заңды тұлғалар бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының белсендісі О.Л. Волкова таныстырды.

Халықаралық кездесу «Славяндықтың бастауы» атты қызықты интеллектуалды ойынмен аяқталды, онда Петропавл қаласындағы «Дарын» мектеп-лицейдің 9-10 сынып оқушыларынан құралған құрама команда сенімді жеңіске жетті.

Кейін қарай