Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Наурыз, 2022

292

Петропавлда өткен «Кешкі жай» кездесуінде неке институтын нығайту мәселелері талқылады

Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында Петропавл қаласындағы мейрамханада «Кешкі жай» атты іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің облыстағы және аудандардағы мүшелерімен кездесті.

Кездесуге жиналғандар ыстық шай ішіп, жылы лебіздерімен бөлісе отырып, бала тәрбиесі, отбасылық құндылықтарды сақтау, қазақстандық қоғамдағы отбасы және неке институтын нығайту мәселелері талқылады.

Іс-шара басында СҚО әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов барлық әйелдер қауымына олардың қажырлы қайраты, Отанға деген сүйіспеншілігі және ең бастысы, отбасындағы береке мен бірлікті сақтауға сіңіріп отырған еңбегі үшін шын жүректен алғыс білдірді.


СҚО ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Күлімкөз Смайылова барлық қатысушыларға белсенді жұмысы үшін алғыс білдірді. Күлімкөз Қайырбайқызы Аналар кеңесі бүгінгі таңда Ассамблея құрамындағы өте маңызды құрылымдық бөлімше екенін атап өтті.


2022 жылдан бастап Аналар кеңесінің ең ірі жобаларының бірі - «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы іске асырыла бастады. Бұл жоба Аналар кеңесінің барлық жұмысына негіз болды. Аналар кеңесінің төрайымы Күлімкөз Смайылованың ұсынысы бойынша 18 кіші жоба әзірленді, оған түрлі қызмет салаларының өкілдері – Аналар кеңесінің мүшелері жетекшілік ететін болады. Мұндай кіші жобалар ретінде: «Бақытты әйел», «Берекелі шаңырақ», «Адал жол», «Әжелер мектебі», «Қыз Жібек» клубы, «Менің мамандығым – менің бақытты болашағым», «Отбасылық капитал», «Ұлттық мұра» және тағы басқаларды айтуға болады.

Кейін қарай