Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Маусым, 2020

2812

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры «Бірлік» медалімен марапатталды

Бүгін ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Мұңалбаеваны Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапаттады.

Мұндай төсбелгі елдегі патриотизм мен мәдениет аралық келісімді дамытуға және қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің нығаюына үлес қосқан азаматтарға тағайындалады.

Айта кетейік, Үмітхан Дәуренбекқызы педагогика ғылымдарының докторы (2011ж), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры академиялық атағының иегері (2012 ж), академик, ЮНЕСКО және ИСЕСКО жұмыстарының Ұлттық Комиссия мүшесі, ИКОМ Ұлттық Комитетінің төрайымы(2013ж).

Кейін қарай