Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Мамыр, 2022

293

«Референдум – бірлікпен әділеттікке» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2022 жылғы 20 мамырда сағат 15.00-де республикалық Достық үйінде (Құрманғазы к., 40) «Референдум – бірлікпен әділеттікке» тақырыбында дөңгелек үстелі өтеді.

Іс-шараға Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры З.Е.Қабылдинов, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының проректоры Т.Т.Дүйсебаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, заң ғылымдарының докторы А.А.Караев, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар мен БАҚ тілшілері қатысады.

Іс-шара барысында қатысушылар ҚР Конституциясының 33 бабына енгізуге ұсынылған өзгертулердің маңыздылығы мен өзектілігін, сондай-ақ аталмыш жаңалықтар жаңа Қазақстанды құруда қандай рөл атқаратынын талқылайтын болады.


Кейін қарай