Қазақстан халқы Ассамблеясы

11.10.2019

276897

Ақтауда жүзге жуық көпбалалы ана «Көрпе fest» мега фестиваліне қатысты

Нұр-Сұлтан қаласында үстіміздегі жылдың шілде айында тұсауы кесілген «Көрпе fest» мега фестивалі киелі Маңғыстау өңірінде алғаш рет өтті. Оған 100-ге тарта көпбалалы және аз қамтылған аналар қатысты.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Достық үйінде өткен мега фестивальға қатысып, барша ақ жаулықты аналарға алғысын білдірді.


Әйелдер мен көпбалалы аналарды ұлттық бренд арқылы шағын және орта бизнеске тарту мақсатындағы фестиваль аясында жеке кәсібін бастағысы келетін қыз-келіншектер авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы және директоры Ырза Тұрсынзада жүргізген үш күндік тренинг-сабақтарға қатысты.


Сонан соң шеберлер қолынан шыққан көрпе, қоржын, шымылдық, қамзол, кәжекей, бесік жасаулары сынды ұлттық бұйымдар көрмесі өтті.

Ең үздік туындылар облыс әкімдігі мен танымал этнодизайнердің атынан арнайы дипломдармен марапатталып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.


Кейін қарай