Қазақстан халқы Ассамблеясы

19.06.2019

1881

Петропавлда «Елбасы ізімен» экскурсиялық маршруты ұйымдастырылды

Солтүстік Қазақстан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ел басқаруындағы 30-жылдығына арналған «Елбасы ізімен» экскурсиялық маршрут ұйымдастырды.

167-dBedADvew3I.jpg

Оған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жастар қанаты, «Жаңғыру жолы» қозғалысы штабының мүшелері, еріктілер және Жеткіншектер үйінің тәрбиеленушілері қатысты.

Шеру Петропавл қаласының Тұңғыш Президенті саябағындағы алаңда «Мақтанышым Елбасы» әнімен жаппай биден басталды.

Одан әрі жоспар бойынша облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қатысушыларға Н.Ә. Назарбаевқа арналған залдың экспозициясын таныстырды.

Достық үйінде қатысушыларды дәмді бауырсақтар мен шашумен қарсы алып, Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасының бастамасымен құрылған бірегей институт болып табылатыны тілге тиек етілді.

132-3krRfAzhess.jpg

Ұлт Көшбасшысының атын иеленген көшеде белсенділер үшін біздің қаламыздың тарихын білуге викторина ұйымдастырылып, әрбір дұрыс жауап үшін оларға тәтті сыйлықтар табыс етілді.

Ұлттық банктің облыстық филиалындағы Ұлттық валюта мұражайында қатысушылар бағалы монеталармен көрмесімен танысып. Қазақстандағы банк саласының қалыптасу тарихы туралы ақпарат алды.  

Маршруттың соңы Абылай ханның резиденциясымен аяқталды.  Өйткені Елбасы оның құруына тікелей ат салысты. Қатысушылар салтанатты баспалдақпен көтеріліп, Тұңғыш Президенттің тұлғасына арналған экспозициямен танысты және мұражай кешенінің ашылуына арналған фотокөрмені тамашалады.

002-m55eoiBWmg8.jpg

Экскурсиядан кейін қатысушылар Н.Ә. Назарбаевтың сүйікті «Весна на Заречной улице» әнін бірге орындады. Олар жаңа білімдермен жігерлендіріліп, іс-шара соңында қатысқандары үшін сыйлықтар мен сертификаттармен марапатталды. 

Кейін қарай