Қазақстан халқы Ассамблеясы

04.02.2020

1747

Петропавл: Достық үйінде Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өтті

Петропавлдағы Достық үйінде «Urpaq» қазақ мәдени-ағартушылық орталығы қоғамдық бірлестігі мен Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясының музыкалық студиясы «Ел тілегі – жарқын болашақ» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Іс-шара Абайдың 175 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналды.


«Urpaq» қазақ мәдени-ағартушылық орталығының төрайымы Гүлбахша Мұсабаева барлық қатысушыларды мерекемен құттықтады.


Концерттік бағдарлама барысында Абайдың өлеңдері, сондай-ақ ақынның әдеби шығармаларына жазылған әндер мен күйлер орындалды.


Сонымен қатар мұғалімдер мен қоғамдық өмірге белсенді қатысатын оқушыларды марапаттау рәсімі өтті.








Кейін қарай