Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Шілде, 2022

295

Республикалық Әдістемелік орталықтың алғашқы онлайн отырысы өтті

2022 жылғы 15 шілдеде ZOOM платформасы арқылы еліміздегі жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларды түсіндіру бойынша сарапшыларды даярлау жөніндегі республикалық Әдістемелік орталықтың онлайн отырысы өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жастар және өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ басшылары мен сарапшылары, жалпы 100-ден астам адам қатысты.

Отырыстың мақсаты Қазақстанның саяси жүйесінде жүзеге асырылып жатқан реформаларды халыққа түсіндіру бойынша сарапшыларды даярлауболды.

Онлайн отырыстың спикері – Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА проректоры, саяси ғылымдардың докторы Әмірбеков Шәріпбек Ағабайұлы.

Іс-шара барысында Ш. Әмірбеков халық арасында реформаларды түсіндірудің маңыздылығын айтып, Жаңа Қазақстан құруда азаматтардың бір кісідей қолдау көрсетуі керек екендігін жеткізді.

Сонымен қатар спикердің айтуынша Конституцияға енгізілген өзгерістер әділетті, дамыған, әрі бәсекеге қабілетті Қазақстанды құруға арқау болған негізгі қадам. Осы орайда ол Ата заңда өзгерген бапбтарға тоқталып, олардың ел дамуына нақты қандай әсер беретіндігін түсіндірді.

«Қазақстанның саяси реформаларының іске асырылу барысында ұйымдастырылып жатқан іс-шаралардың барлығы елімізде жүргізіліп жатқан реформалар жайлы халықты ақпараттандыруға бағытталған. Себебі, әрбір азамат Жаңа Қазақстанды құрудың қаншалықты маңызды екендігін және осы бағытта өз үлесін қосу керектігін жете түсінуі өте маңызды. Бұл жаңа қоғам мен жаңа мемлекетті құру жолындағы түбегейлі өзгерістер қарапайым азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыратыны сөзсіз. Бұл жұмыс баршамызға ортақ міндет болуы тиіс» - деп атап өтті Ш.Әмірбеков.

Өз кезегінде, Шәріпбек Ағабайұлы Жаңа Қазақстан, Екінші Республика ұғымдарының мазмұнын ашып, мемлекеттік реформаларды жүзеге асырудың басты шарттарының бірі қоғамдық келісім мен бірлікті сақтау екендігіне назар аударды. Сонымен қатар, «жалпы халық арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын белсенді жүргізу, оның ішінде этносаралық қатынастарға байланысты ақпараттарды, өте нәзік мәселе болғандықтан, мұқият жариялау қажет», – деп баса айтты спикер.

Іс-шара соңында спикер қатысушыларды жүргізіліп жатқан реформалардың сәтті жүзеге асуына белсенді атсалысып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырды.

Жалпы қатысушылар саны 100-ден астам адам.

Кейін қарай