Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Шілде, 2022

553

Республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен астана күніне арналған «Ел тірегі – Елорда» атты үстел теннисі бойынша турнир өтті

2022 жылғы 3 шілде күні республикалық Достық үйі мен «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен астана күніне арналған «Ел тірегі – Елорда» атты үстел теннисі бойынша турнир өтті.

Мақсаты – жастардың қазақстандық патриотизмін қалыптастыру, этносаралық келісімді нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері арасында достық қарым-қатынасты орнату, сондай-ақ қатысушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, үстел теннисі сынды қарапайым әрі денсаулыққа аса пайдалы спорт түрін кеңінен тарату.


Іс-шараға этномәдени бірлестік өкілдері мен жастар қанаты, «Ассамблея жастары» мүшелері қатысты. Турнирге 30-дан астам қатысушылар ниет білдірді.

Астана күніне арналған «Ел тірегі – Елорда» атты үстел теннисі бойынша турнирдің нәтижесі бойынша III орынды өзбек этномәдени орталығының «Еш қанат» жастар қанатының белсендісі – Турашов Жавохир, II орынды «Мұрас» қырғыз этномәдени орталығының белсендісі – Жумабаев Жайнак, I орынды Дүнген этномәдени орталығының мүшесі – Двумаров Шакир иеленді.

Сонымен қатар, қыздар арасында өткен жарыста I орынды өзбек этномәдени орталығының «Еш қанат» жастар қанатының белсендісі – Адилова Хадича иеленді.

Турнирге қатысушылар арасында жеңімпаздар іріктеліп, жүлделі орын иелеріне сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!


Кейін қарай