21 Қазан, 2022
185
Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры өзінің 90 жылдығын атап өтті
Қазақстандағы және әлемдегі алғашқы этникалық, Корей түбегінен тыс жалғыз мемлекеттік корей театрының құрылып, сахна төрінде ұлттық классика мен түрлі қойылымдарды көрермендерге ұсынып жүргеніне биыл
90 жыл толып отыр.
Осы айтулы датаға орай көрерменнің назарына Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрында «Нам 90» атты мерейтойлық спектакл-концерті ұйымдастырылды. Қойылымда басты кейіпкер флейташы театрдың өмірі, ұзақ және қиын жолы туралы баяндайды. Театрдың қызметі Қазақстан корейлерінің тарихымен тығыз байланысты. Барлық ұмтылыстар, қуаныштар, жеңістер және әртістер мен театр қызметкерлерінің, Корей театрының тарихын жасағандардың қажымас еңбегінің көрінісі болды.
Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Алматы қаласындағы Корей Республикасының Бас консулдығың өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Сонымен қатар іс-шара барысында театр ұжымының өкілдері мәдениет саласын дамытуға қосқан үлестері үшін мемлекеттік және ведомстволық нагарадалармен марапатталды.
Айта кетсек, аталған театр 1932 жылы 9 қыркүйекте Владивостокта Корей клубтары мен театр үйірмелерінің негізінде Қиыр Шығыс корей театры ретінде құрылып, біздің мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналды.
Бүгінгі таңда театрда ұлттық өнердің заманауи және дәстүрлі жанрлары белсенді дамып келеді, оларды «Самульнори» перкуссиялық аспаптар фольклорлық ансамблі, балет труппасы, вокалистер және театрдың драма труппасы шырайына келтіріп орындап келеді.
Корей театрының сахнасында әр жылдары Ли Ден Ним мен Ен Сен Неннің «Чун Хян деген қыз туралы аңыз» (1935-36), Тен Дон Хектің «Ондал туралы аңызы» (1972) бен Хан Диннің «Янбай туралы аңызы» (1973, 1985), сонымен қатар Н.Островскийдің «Найзағайы» (1950), Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуы» (1949, 1975), М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегі» (1962), т.б. пьесалар қойылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қостанайда дәстүрлі діни конфессиялар жетекшілерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті
-
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ТОЙЛАУДА
-
Елордалық Достық үйінде Наурыз мейрамын атап өтті
-
Ақтөбе қаласындағы «Әзірбайжандар қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі «Армысың, әз – Наурыз!» атты мерекесін атап өтті
-
Ұлыстың ұлы күнін бірге атап өтті
-
«Наурыз – достық мерекесі» атты этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен қазақ мәдениетінің театрландырылған фестивалі өтті
27 Наурыз, 10:06
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды
вчера, 18:48
Петропавл қаласындағы арандатушылықтарға қатысты
28 Наурыз, 15:53
Назардан тыс қалмады
26 Наурыз, 09:28
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ТОЙЛАУДА
29 Наурыз, 16:33