Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Қыркүйек, 2020

793

Риддерде отбасылық құндылықтар, дәстүрлер, руханилықты сақтау мәселелері талқыланды

Риддер қаласының Достық үйінің өкілдері киелі орын «Берегиня» бұлағына барып, «Отбасының амандығы – елдің амандығы» атты іс-шара өткізді.

Кездесуге қатысушылар отбасылық құндылықтарды, дәстүрлерді, руханилықты сақтау бойынша ұлттық мемлекеттік міндеттерге қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Сондай-ақ, пандемия жағдайында жан-жақты дамудың жалғасуын ескере отырып, еліміздің жаңа өмір салтына көшуге арналған Қазақстан Республикасының басшысы Қ. Тоқаевтың Жолдауын іске асырудағы этносаралық қатынастар саласындағы саясат пен Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі тақырыбы қозғалды. Өскелең ұрпақты «дұрыс жолмен» тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінді.

«Біз балаларға отбасы институтының маңыздылығын көрсету, оларға қоғамның өз ұяшығын құру – әлеуметтік даму саласындағы маңызды саты екенін жеткізу үшін үздіксіз жұмыс істеп келеміз. Болашақта бақытты отбасылық адам болу үшін күшті және салауатты қарым-қатынастың негізін түсіну керек. Негіз - бір-бірінің мүдделері мен іс-әрекеттерін құрметтеу, өзара түсіністік, қолдау, жылулық пен махаббат. Сонымен қатар отбасы туралы әңгімелесудің негізгі мақсаттарының бірі жас ұрпақтың санасында ата-аналарға деген құрметті нығайту болып табылады», - деп атап өтті кездесуді ұйымдастырушылар.

Талқылау барысында жиналғандар пікір алмасып, жолдауды уақытылы әрі тиімді іске асыру үшін этномәдени бірлестіктердің қызметіндегі негізгі бағдарларды айқындады.

Кейін қарай