Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Қыркүйек, 2020

2242

СҚО-да Абайдың 175 жылдығына арналған халықаралық суреттер конкурсы өтті

Абай Құнанбаевтың шығармашылығын насихаттау, сондай-ақ өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін ашу мақсатында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Журналистер клубы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай өлеңдері – ұлттық қазына» суреттер байқауын ұйымдастырды.


Қатысушылар Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы тақырыбында кез-келген техникада орындалған сурет (портрет, пейзаж, тақырыптық натюрморт, шығармаларға иллюстрация) салуы қажет еді.


Байқау балалар, жастар және аға буын өкілдері арасында кеңінен танымал болды. Ең жас қатысушы небәрі 4 жаста болса, ең үлкені 66 жаста. Барлығы 70 шығармашылық жұмыс келіп түсті.


Байқау Ресей мен Италия қатысушыларының жұмыстары арқасында халықаралық мәртебеге ие болды. Елімізден тыс жерлерде адамдардың Абайдың шығармашылығын біліп құрметтейтіні және оны халықаралық деңгейдегі ұлы ойшыл деп санайтыны қуантарлық жайт. Қазақстанның өңірлері – Павлодар, Алматы, Қаскелең және т.б. біршама жұмыстар келіп түсті. Айта кетсек, Италияның жас суретшісі Leon Matteini Абайдың «Қыс» өлеңін суреттеп, ерекше қысқы пейзажды ұсынды. Қатысушылар Абай шығармаларында жиналған көркем образдардың тұтас топтамасын жіберген. Көптеген сурет авторлары Абай Құнанбаевты бейнелеуге тырысқан. Барлығында ол әр түрлі болып шықты: кейбір суреттерде байсалды, ойшыл ақсақал бейнеленсе, басқаларында – қиялдап шарқ ұрған, күлімсіреген жан.

Қазылар алқасына ұсынылған жұмыстардан жеңімпаздар «Иллюстрация», «Портрет», «Шебер», «Көрермендер көзайымы» номинациялары бойынша іріктелді.

Қатысушылар 35 жүлделі орынға ие болды, қалған жұмыстар қатысқаны үшін сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Кейін қарай