Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Шілде, 2021

614

СҚО-да белсенді ұзақ өмір сүру орталығы бірқатар шара өткізді

СҚО Достық үйінде «Золотой возраст» белсінде ұзақ өмір сүру орталығының үш жылдығына арналған іс-шаралар өтті.


Достық үйінің қонактары үшін «Қалалық этюдтер және біздің өлкеміздің табиғаты» атты көрме ұйымдастырылды. Көрме «Интуитивті сурет салу» (жетекшісі – Губанова О.С.), «Қолөнер» (Шилова Т.Г.) және (жетекшсі - Листопадний А.И.) үйірме мүшелерінің жұмыстарынан құрылған.

Бұл мереке күні клуб мүшелерін Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының «Тишина Закулисья» жастар студиясының өкілдері құттықтады.

Клуб мүшелерін «Орыс, славян және казак Қазақстан ұйымдарының қауымдастығы» Солтүстік Қазақстан облысы заңды тұлғалар бірлестігі филиалының торағасы В.Н.Витченко, Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ж.С.Джолмұханова шын жүректен құттықтап, жаңа жетістіктер тіледі.

Кездесу соңында орталық мүшелері алғысхаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Кейін қарай