Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Желтоқсан, 2020

313

СҚО-да «Халықтану» жобасының кезекті лекциясы белорустарға арналды

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы «Халықтану» жобасын әзірлеген болатын. Жобаның кезекті лекциясы белорустарға арналды.

Бүгінгі таңда СҚО-да ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және т.б. түрлі қызмет салаларында қызмет жасайтын 5 мыңға жуық белорус тұрады.

Үш күн бойы «Белорустар» тақырыбындағы білім беру лекторийі М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері үшін үш тілде өткізілді. Жобаға ЖОО оқытушылары, СҚО Қоғамдық даму және ақпарат орталығының сарапшы-талдаушысы, «Радзима» Солтүстік Қазақстан облыстық белорус мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Беларусь Республикасы Басқару академиясының доценті қатысты.

Білім беру лекторийі диалог алаңы түрінде өтті.

Кейін қарай