Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Желтоқсан, 2020

570

СҚО-да журналистер арасындағы байқау өз мәресіне жетті

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен журналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық байқауы 2015 жылдан бастап жүзеге асырылуда.

Бұл конкурстың мақсаты – қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлік тақырыбына материалдар жариялайтын авторларды ынталандыру арқылы отандық журналистиканың дамуына жәрдемдесу. Биыл мерейтойлық даталарға, оның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына, әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығына және т.б. ерекше назар аударылды.


Өңірлік деңгейдегі «Шаңырақ» конкурсына облыстық, қалалық және аудандық БАҚ өкілдері, СҚО ҚХА журналистер клубы мен этномәдени бірлестіктерінің мүшелері қатысты. Талқылау қорытындысы бойынша қазылар алқасы «Қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған үздік талдамалық материал», «Ассамблея және оның құрылымдары қызметінің бағыттарын ашып көрсететін үздік материал», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарына арналған үздік материал», «Мемлекеттік тілді насихаттау мен қолдану аясын кеңейтуге арналған үздік материал», «Қайырымдылықты дамыту туралы» үздік материал», «Қазақстан халқыАссамблеясының 25 жылдығына арналған үздік материал», «2020 жылғы мерейтойлық даталарға арналған үздік материал» номинацияларында 10 жеңімпазды анықтады.

«Қазақстан» РТРА АҚ СҚОФ «Qyzyljar» телеарнасы шығармашылық тобының редакторы Наталья Аитова үшінші рет «Шаңырақ» шығармашылық конкурсының жеңімпазы атанды. «Қазақстанның орыс қауымы» РҚБ СҚФ баспасөз хатшысы Надежда Рудикова байқауға алғаш рет қатысып, «Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған үздік материал» номинациясында жеңімпаз болды.

Журналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық конкурсының барлық жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Кейін қарай