Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Тамыз, 2020

694

СҚО: «Ізгілік вирусы» акциясы өтті

Солтүстік Қазақстан облысында бизнес, шығармашылық, қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен Қазақстан халқы ассамблеясының еріктілері «Ізгілік вирусы» акциясына қатысты.

Акция аясында қаладағы көп балалы және аз қамтылған отбасыларға 50 азық-түлік жиынтығы дайындалды.


Акцияның негізгі мақсаты – шынымен көмекке мұқтаж азаматтар, медициналық мекемелер мен қол ұшын бергісі келетін жандар арасында көпір құру.

Солтүстікқазақстандық өндірушілер ұн, макарон, өсімдік майы, қант, жармалар, тауық жұмыртқасы, томат пастасы, құрғақ таңғы ас, шұжық, тәттілер және кеңсе жиынтықтарын ұсына отырып, #ізгіліквирусы акциясын қуана қолдады.


Қазақстан халқы ассамблеясының еріктілері бірінші кезекте қажет өнімдерді мұқтаж жандарға жеткізеді.


Кейін қарай