Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Сәуір, 2020

958

СҚО: ҚХА 25 жылдығына арналған этностардың мәдени күндері өтті

2020 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойы. Оның аясында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы Солтүстік Қазақстан облыстық ҚХА этномәдени орталықтарымен бірлесіп барлық оқу жылына есептелген этнострдың мәдениет күндерінің Жол картасын әзірлеген болатын.


2019 жылдың қыркүйек айынан 2020 жылдың сәуір айына дейін университетте қазақ, үнді, неміс, армян, татар, орыс және украин мәдениеттерінің күндері өтті. Бұл университет студенттері мен оқытушыларын елімізде тұратын және университетте оқитын этностардың мәдениетімен жақынырақ таныстыруға мүмкіндік берді.

Төтенже жағдай режимінің енгізілуіне байланысты университетіміздің оқу ғимараттары фойесінде өтетін әдеттегі салтанатты іс-шаралар онлайн-кездесулерге ауысты. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да поляк мәдениеті күндері 2020 жылы сәуірдің бірінші жартысында өзгеше түрде өтті.

ZOOM платформасы бізге үйреншікті аудиториялардың орнын алмастырды. Барлық білім беру бағдарламаларының студенттері және Медицинаның жоғары мектебінің шетел студенттері үшін 3 тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын) «Халықтану» білім беру лекторийі шеңберінде поляк халқы туралы дәрістер және 2 тілде (мемлекеттік, орыс) «Қазақстан діндері мен этностары: тарих және қазіргі заман» факультативтік курсы-поляктардың діни нанымдары бойынша дәрістер өтті.


Сонымен қатар тарих, экономика және құқық факультетінің студенттеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды, онда «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Н. Абуов пен «Коперник» Солтүстік Қазақстан облыстық поляк мәдени орталығы төрағасының орынбасары В. Корневамен әзірленген «Солтүстік Қазақстан облысының поляктары» оқу-әдістемелік құралының тұсаукесері өтті.

Студенттерді поляктардың дәстүрлері, мерекелері мен менталитеті, жекелеген поляк сөздерінің маңызы, әлемдік аты бар көрнекті поляктар, поляктардың Қазақстанға және Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударуы, Польшаның Қазақстанға «Қазақстан жұлдызы» әулие-алтарінің берілу тарихы және тағы басқа ақпараттар қызықтырды. 300-ге жуық студент диалогқа қатысып, сарапшылар мен лекторлардан өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.

Рауан Есқали

Кейін қарай