Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Мамыр, 2021

17496

СҚО ҚХА «3D-еріктілер» жобасын іске асырды

Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ өңірде волонтерлік қызметті мақсатында «3D-еріктілер» жобасын іске асырды.


Волонтерлік қозғалысқа қатысу арқылы жастар қоғамдық жұмысқа белсене атсалысып келеді. Аталған жобада өзін-өзі дамыту, қарым-қатынастарды нығайту және қоршаған ортаны сақтау секілді үш бағыт бар.э


Әр бағыт бойынша жас еріктілер тренингтер өтіп, экскурсияға, конференциялар мен пікірталастарға қатысады.

Осы кездесу «Соңғы қаһарман» телебағдарламасы стилінде өтіп, «3D-батыр» деп аталды. Қатысушылар тапқырлық пен шапшаңдық таныта отырып, жасырылған кілттерді тауып алды. Басты мақсат - еріктінің қазынаға толы сандығын ашу. Барлық еріктілер шараға белсене атсалысты.

Кейін қарай