Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Мамыр, 2021

372

СҚО ҚХА Қазақстан халқы ассамблеясының мерейтойлық ХХV сессиясын өткізді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Солтүстік Қазақстан облысы әкімі, СҚО Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Қ.І.Ақсақаловтың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының мерейтойлық ХХV сессиясы өтті.

Қ.І. Ақсақалов алғы сөзінде Қазақстан халқы ассамблеясының 26 жылдық тарихы азаматтық қоғамның бірегей институты ретіндегі тарихи маңыздылығы мен қажеттілігі туралы айтып өтті.

Сессия спикерлері «Радзіма» Солтүстік Қазақстан облыстық белорус мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мария Татаренко, «Hanguq Qazaqstan» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Евгений Ким, сценарийші және режиссер Дамир Макимкенов, «Солтүстік Қазақстан облыстық әзірбайжан мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігі жастар қанатының көшбасшысы Шахнияр Аллахярова, «NQDC» компаниялар тобының бас директоры Жабай Наскенов жұмыс қорытындылары және болашақтағы жоспарлар туралы ойларымен бөлісті.


Еркін күрестен балалар-жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушысы Георгий Харачиди грек этномәдени бірлестігін ашу туралы ұсыныс жасады. Бастаманы Қ.І. Ақсақалов пен барлық қатысушылар қолдады.

Этносаралық келісім мен Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға, жастар арасында қазақстандық патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі және ата-бабалардың салт-дәстүрлеріне адалдығы үшін ассамблеяның 16 белсендісі облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сессия қорытындысы бойынша ассамблея мүшелері «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы өңірлік штабының мүшесі Юлия Сысоева үндеу оқып, оны қатысушылар бірден қабылдады.

Кейін қарай