Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Қазан, 2020

616

СҚО ҚХА белсенді еріктілерді марапаттады

Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясында карантин кезінде белсенді қатысқан еріктілерді марапаттау рәсімі өтті.


2020 жыл еріктілер жылының аясында СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының негізінде карантин енгізілгеннен кейін еріктілер штабы құрылды. Штабтың мақсаты 65 жастан асқан өзін-өзі оқшаулаған азаматтарға, сондай-ақ мүгедектерге көмек көрсету болды. Онда барлығы 60-тан астам ерікті жұмыс істеді. Карантин кезінде штабтың телефонына 1500 астам өтініш келіп түсті.


Осылайша, ерекше еңбегі сіңген еріктілер: Наскенов Жабай, Андрощук Элла және Хисматуллина Аделина ҚР Президентінің «Халық алғысы» медаліне ие болды.


Барлық еріктілер Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттарымен, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталды.

Кейін қарай