Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Желтоқсан, 2020

9235

СҚО ҚХА этноертегілер жобасын іске асыруда

2020 жылдың қазан айында Аналар кеңесі Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерімен бірлесіп, «В гостях у этносказки» жобасын іске қосты.

Оның мақсаты - балалар мен ересектерді түрлі этностардың халық ертегілерімен таныстыру болып табылады. Түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері ертегілерді оқып, тыңдаушыларға өз этностарының бай мәдениетін көрсете отыра мазмұнымен таныстырады.

«В гостях у этносказки» жобасы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік желілерінде апта сайын көрсетіледі. Бұл айдарда тыңдармандар Қазақстандағы түрлі этностардың қызықиы ертегілерін тыңдауға мүмкіндігі бар.


Жобаның алғашқы ертегісі - қазақтың халық ертегісі «Байлық пен ақыл» («Богатство и мудрость») болды. Сонымен қатар «Этноертегіде қонақта» жобасы аясында мынадай ертегілермен танысуға болады: «Алтын құс» татар ертегісі, «Сиқырлы чурбан» корей ертегісі, «Күшпен емес, ақылмен» беларусь ертегісі, «Аққу, шортан және шаян» украин ертегісі, «Екі дос және аю» әзірбайжан ертегісі, «Шебер қолдар» түрік ертегісі. Сондай-ақ түрлі этнос өкілдері ертегілерді қазақ тілінде оқиды.

Бұл жоба тыңдаушылар арасында ерекше танымал болғаны қуантады. «В гостях у этносказки» жобасына аудандық этномәдени бірлестіктердің өкілдері де қосылды.

Кейін қарай