Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Қыркүйек, 2020

698

СҚО ҚХА Конституция күніне арнап онлайн жастар конференциясын ұйымдастырды

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу қарсаңында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Конституция – егеменді Қазақстанның берік іргетасы» атты онлайн жастар конференциясын ұйымдастырды. Оның шеңберінде спикерлер ретінде түрлі қызмет саласын танытатын жастар сөз сөйледі.

Конституциялық құрылымды қалыптастырудың тарихи кезеңдері жайында СҚО ҚХА Журналистер клубының мүшесі, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті Вячеслав Чинишлов әңгімеледі. Ол өз сөзінде «Конституция – бұл мемлекет пен оның азаматтары арасындағы өзара қарым-қатынастар мен міндеттемелерді реттейтін өзіндік шарт... Конституция – бейбіт өмір сүру мен одан әрі өркендеудің кепілі» екендігін атап өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы Екатерина Старостинаның баяндамасы да қызықты болды. Ол өз кезегінде құқықтық мемлекет тұрақтылығының негізі Конституция екенін айрықша баса айтты. Мемлекеттің барлық заңдары мен нормативтік құқықтық актілері елдің негізгі заңына сәйкес қабылданады.


Қазақстан Республикасының Конституциясын білудің маңыздылығына көңіл бөлген кезекті спикер - «Қызылжар адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Сәлімхан Сәбитов - жастарды еліміздің Негізгі Заңының баптарымен танысып, мұқият зерделеуге шақырды. Шынында да, Конституцияда адамның әлеуметтік ортаға бейімделуіне септесетін маңызды терең негіздер жазылған.

Конференцияға сонымен қатар француз тілі мұғалімі Аделина Хисматуллина қатысты. Ол Конституция негізінде құқықтық мемлекет құрудың халықаралық тәжірибесі жайында баяндады. Аделина мысал ретінде Францияның Конституциясы туралы айтты, өйткені, ол Қазақстан Республикасының Конституциясын құрудың негізгі үлгісі болып саналады.

Конференция соңында «СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» КММ жастар бастамалары бөлімінің басшысы Анастасия Волкова қазіргі уақытта Конституция жастарды патриотизмге тәрбиелеудің негізі екенін айрықша атап өтті. Жас ұрпақ бойында патриотизмді туғызу және тәрбиелеу үшін мемлекеттік жастар саясаты дәл осылай құрылады.

Кейін қарай