Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Қараша, 2021

259

СҚО ҚХА мүшелері елордада өткен семинар-тренингке белсене қатысты

2021 жылдың 1 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің өкілдеріне арналған семинар-тренинг өтті.

Іс-шараға этномәдени орталықтардың өкілдері, «Жаңғыру жолы» РМД облыстық штабтарының мүшелері қатысты. Семинарға қатысушыларды орталықтың құрылымымен және қызмет бағыттарымен таныстырды, сондай-ақ ғимарат бойынша экскурсия өткізді.

Экскурсиядан кейін Орталықтың коференц-залында пленарлық отырыс ұйымдастырылды, оны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин ашты. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі қоғамдық қорының төрағасы Альберт Рау құттықтау сөз сөйледі.

ЭКО-ға арналған практикалық семинар-тренинг 3 маңызды блокты біріктірді: теориялық, практикалық және шығармашылық. Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар ұйымдарының көшбасшылары «Жаңғыру жолы» ҚХА РМД Төрағасы Тимур Жұмырбаевпен қызметтің өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді. Практикалық семинар-тренинг этномәдени орталықтар үшін тиімді диалогтық алаң болып табылады.

Кейін қарай