Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Қаңтар, 2021

428

СҚО ҚХА «Татар аруы» байқауының қорытындысын шығарды

СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен 3-13 жас аралығындағы қыз балалар арасында «Татар аруы» конкурсы өтті.

Онлайн-конкурсқа қатысушылар алдымен ұлттық костюм киіп, татар тілінде сәлемдесіп, өзін-өзі таныстырды, ал екінші және үшінші кезеңде шығармашылығы мен аспаздық өнеріне байланысты бағаланды.

Өз жас санаттары бойынша ат спортымен айналысатын 5 жастағы Жульдикова Ясмин, скрипка мен фортепианода ойнайтын Кузнецова Дарина жеңімпаз атанды. Жоғары топта «Дуслык» татар-башқұрт орталығының белсендісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының конкурстарының тұрақты қатысушысы 13 жастағы Матушкевич Венера жеңіске жетті. Ал көрермендер көзайымы сыйлығына 3 жастағы ең кішкентай қатысушы Пархоменко Алина ие болды, ол әлеуметтік желілерде 1842 лайк жинады.

Барлық қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды. Байқау соңында татар ұлттық тағамдарының дәмін татты.

Кейін қарай