Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Желтоқсан, 2021

408

СҚО-да ҚХА мүшелері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті

С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Вера Ким және Лариса Павловец Солтүстік Қазақстан облысы өкілдерімен кездесу өткізді.


Аталған кездесуге «СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ басшысы Кемел Оспанов, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, облыстың белсенді өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, оқу орындарының және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай этномәдени бірлестіктердің белсенді өкілдері мараппаталды.

Халық қалаулары ҚР Қазақстан Халқы Ассамблеясы, үкіметтік емес сектордың қызметі туралы ҚХА қызметін жетілдіру мәселелерін көтеріп, облыстың этномәдени бірлестіктерінің жұмысындағы маңызды міндеттеріне тоқталып өтті.

Қатысушылар кездесу барысында депутаттарға Қазақстан халқы Ассамблеясындағы кафедра жұмысы мен мемлекеттік тілді одан әрі жетілдіру, Ассамблея жастарын құру, аға ұрпаққа арналған шығармашылық орталықтарды дамыту, жастарға арналған жобалар сынды мәселелерді көтерді.

Сонымен қатар, халық қалаулылары Тайынша және Қызылжар аудандарында бірқатар ақпараттық-түсіндіру кездесулерін өткізді.

Кейін қарай