Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Мамыр, 2023

214

СҚО «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты ҚХА Халықаралық конференциясы өтуде

2023 жылғы 29-30 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының халықаралық конференциясы өтуде.

2010 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырылатын бұл жоба жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыруға, қазақстандық бірегейлік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Алғашқы күні жобаға қатысушылар Сарытомар ауылына, қазақтың ұлы ақыны және публицисті Мағжан Жұмабаевтың туған жеріне экскурсия жасады.

Экскурсия алдында жоба қатысушылары оның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұл рәсімге Мағжан Жұмабаевтың тікелей ұрпағы Ержан Ғарипов та қатысты. Экскурсия барысында ол мұражай қызметкерлерімен бірге әйгілі ақынның өмірі туралы қызықты фактілермен бөлісті.

Экскурсиядан кейін жобаға қатысушылар Сарытомар ауылының мәдениет үйіне барды. Онда ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ директоры Элина Паули өңір жұртшылығымен және жергілікті ҚХА активімен кездесу өткізіп, жиналған қауыммен ҚХА қоғамдық құрылымдары қызметінің өзекті мәселелерін талқылады.

2023 жылғы 30 мамырда Петропавлда «Тарихи сана қоғамды ұйыстырушы фактор ретінде» тақырыбында республикалық форум өтуде.


Кейін қарай