Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қыркүйек, 2020

481

Сәтбаев қаласында I «Ақ бата» онлайн конкурсы өтуде

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының Достық үйі 55 жастан асқан тұрғындар арасында I аймақтық «Ақ бата» онлайн конкурсын бастап кетті. Іс-шара Абайдың 175 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына арналады. Байқау 27-ші қыркүйекте басталды, 10 қазанда жеңімпаздар анықталады.

Конкурсқа қатысуға қойылатын талап: қатысушы бата беру мәтінімен хоронометражы 3 минутты құрайтын сапалы бейнесюжет жіберуі тиіс. Оған кез келген этнос өкілдері қатыса алады.

«Іс-шараның мақсаты - ата-бабаларымыздың дәстүрлері мен этномәдениетін сақтау. Болашақ ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіре отырып, қарт адамдарды құрметтеу және бағалауға тәрбиелеу. Қазан айының басында қазыналы қарияларымыздың мерекесін атап өту жақсы дәстүрге айналған. Бұл - Отанымызды қорғап, ерен еңбек еткен жандар үшін алғыс айту күні»,- дейді ұйымдастырушылар.

«Бата беру» жастарды рухани тәрбиелей отырып, үлкендерге деген құрмет пен патриоттық сезімін тәрбиелейді. «Бата беру» - қазақ халқының ең ежелгі және маңызды әдет-ғұрыптарының бірі болып табылатын поэтикалық шығарма, оны жасы үлкен немесе құрметті адамдар береді.

Бата алыс жолға шыққанда, мереке күндері, тойларда, өмірдің барлық маңызды бастамаларында айтылады және үлкендерден бата алған адам өз мақсатына жетеді деген сенім бар.

Кейін қарай