Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Сәуір, 2022

265

Сауытбек Абдрахманов: "Мәжіліске тағы да бір жақсы депутат келеді деп сенеміз"

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Сауытбек Абдрахманов:

– Өткен жылы мәжіліске Қазақстан халқы Ассамблеясына сайланған Тохтасунов Владимир Имтахунович көп ұзамай инсульт дертіне ұшырап, төсекке таңылып қалыпты. Биыл жылдың басында ол өзінің денсаулық жағдайына байланысты жұмысты жалғастыра алмайтынын айтып, өтінішін жазды. Содан кейін Орталық Сайлау коммиссиясы 17 наурыздағы өзінің шешімімен депутат сайлауын 28 сәуірге белгіледі. Бұл Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңының 93 бабына сәйкес қабылданған шешім. Ол бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлау туралы шешімді Орталық Сайлау коммиссиясы қабылдайды. Ал Орталық Сайлау комиссиясының тәртібі бойынша Мәжіліске Ассамблеядан сайланған депутатты сайлау сессияда өткізіледі. Бүгін сол сессия өтіп отыр. Екі баламалы кандидат ұсынылды. Ол Кузиев Закиржан Пирмухамедович ұйғыр этно бірлестігінің белсендісі және Тварионас Виталий Ионо Қарағандылық азамат, литва этно мәдени орталығының белсендісі. Екеуі де көп жұмыс атқарып жатқан азаматтар. Қазір сайлау өтіп жатыр. Жақсы шешім қабылданады. Мәжіліске тағы да бір жақсы депутат келеді деп сенеміз.


Кейін қарай