Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Ақпан, 2020

2883

Семей: Достық үйінде тәжік этномәдени бірлестігі өз жұмысын бастап кетті

Семейдің Достық үйінде «Рудаки» тәжік этномәдени орталығының салтанатты ашылуы өтті. Енді қалалық Достық үйінде бір шаңырақ астында 23 этномәдени орталық жұмыс істейді.


Тәжікстанның Қазақстандағы елшісінің кеңесшісі Хуршет Сафаров құттықтау сөз сөйлеп, қазақ және тәжік халықтарының көпғасырлық достығын атап өтті жіне тәжік орталығының белсенді қызметіне сенім білдірді.

Өз кезегінде Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев Қазақстандағы Тәжікстан Елшілігінің өкілдерін этномәдени бірлестіктің ашылуымен құттықтап, оларға жемісті еңбек тіледі.

Ал «Ахау Семей» қазақтың ұлттық құндылықтарды қорғау орталығының жетекшісі Гүлжихан Жұматаева қонақтарды ұлттық дәстүр бойынша «Шашумен» қарсы алды. Қалалық Достық үйінің Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Кеңес Райымбеков болса жаңа орталыққа бата беріп, барлығына бейбітшілік, тұрақтылық пен амандық тіледі.

Кейін қарай