Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Қаңтар, 2021

618

Семейде «Біздің керемет қаламыз» атты жастар арасында пікірсайыс ұйымдастырылды

Семей қаласының Достық үйінде «Біздің керемет қаламыз» атты жастар пікірсайысы өтті. Іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Толеранттылық кемпірқосақ» жобасы аясында ұйымдастырылды. Семей жастары үшін пікірталас - бұл шешендік өнерде өз күштерін сынап көрудің жақсы мүмкіндігі.

- Біздің пікірсайысымыз әртүрлі форматта өтіп тұрады. Оларды өткізудегі мақсатымыз – жас ұрпақ өкілдерінің азаматтық бастамалары мен көшбасшылық қасиеттерін дамыту, командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру, - дейді Семей қаласы Достық үйінің директоры Шарова Надежда.

Бұл жолы сендіру және дәлелдеу бойынша «Қала» және «Әділеттілік» командалары бақ сынасты. Әділ қазылар олардың баянадамаларына құлақ аса отырып, шын мықтыны анықтады. Үш ұпай айырмашылығымен «Қала» командасы жеңіс тұғырынан көрінді.

Барлық қатысушылар арнайы марапатқа ие болды.

Кейін қарай