Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Маусым, 2021

570

Семейде ҚХА мүшелері балаларға ерекше қуаныш сыйлады

Семей қаласының Достық үйі алаңында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Әрқашан күн сөнбесін!" атты мерекелік кеш өтті.


Бұл күні балалар түрлі сайыстарға қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, «Айша Бибі» орталығының белсенділері, қолөнер шеберлері, қазақ сәндік-қолданбалы өнерінің көрмесін өткізді.


Татар өнер мектебі тәрбиеленушілерінің қатысуымен шағын концерт ұйымдастырылды. Мұнымен қоса, кәсіпкер Гуля Турубаева, "Татар қоғамдық орталығы" ҚБ төрайымы Камилия Исмаилова, "Рудаки "ШҚО тәжік этномәдени орталығы" ҚБ төрағасы Алавидин Гадаевтың қолдауымен қайырымдылық акциясын өткізіп, балаларды қуантты.

Кейін қарай