Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Қыркүйек, 2020

688

Семейде жемқорлыққа қарсы қала тұрғындарымен блиц-сауалнама жүргізілді

2020 жылдың 09 қыркүйегінде Қоғамдық келісім Кеңесінің мүшелері мен қалалық Достық үйінің әкімшілігі "Шығыс –адалдық алаңы" жобасы аясында қала тұрғындарымен блиц-сауалнама жүргізіп, жоба бойынша түсініктеме берді.

"Шығыс — адалдық алаңы" жобасын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО әкімдігімен бірлесіп жүзеге асыруда.


"Шығыс – адалдық алаңы" – кедергісіз орта құруға, басшылардың жеке жауапкершілігін күшейтуге, халық үшін қолайлы жағдай жасауға және қоғамдық бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін бірегей жоба.


Оның негізгі миссиясы-тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамауды қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру.


Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері мен қалалық Достық үйінің әкімшілігі қалалықтармен әңгімелесу барысында тағы да "Шығыс –адалдық алаңы" жобасы туралы айтып, ЭМБ белсенділерімен бірге қоғамдық бақылауға қатысуға шақырды.

Кейін қарай