Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Қаңтар, 2020

1610

ШҚО Достық үйінің басшысы Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары лауазымына осыған дейін облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының директоры болған Эльдар Төлеубеков тағайындалды.

Эльдар Төлеубеков қала әкімнің орынбасары қызметінде әлеуметтік салаға жетекшілік ететін болады. Ол 1967 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. 2005-2010 жылдары аралығында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары лауазымын атқарған. 2010 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында директор қызметінде еңбек етті.

inform.kz


Кейін қарай