Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Қаңтар, 2021

366

ШҚО ҚХА меценаттар клубының мүшесі, кәсіпкер Михаил Луневтің семинары өтті

Өскемен қаласының Достық үйінде Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының меценаттар клубының белсенді мүшесі, «ABT-GROUP» жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Михаил Лунев кәсіпті қызметкерлер штатынсыз бастау және табысты болу тақырыбында семинар өткізді.

Жас кәсіпкер семинар қонақтарына маркетингтік зерттеудің жаңа әдісі А/В тестілеу жайлы да түсіндіре кетті:

- Өз білімімен бөлісіп, жастарды бизнеске тарту - менің міндетім деп санаймын. Мен ісімді бастағанда, мұндай семинарлар мен тренингтер жеткіліксіз болды, ал қазір үйренемін деген адамға барлық мүмкіндіктер бар. Ең бастысы - табандылық пен еңбекқорлық, - деді спикер Михаил Лунев.

Қазіргі уақытта өз кәсібін бастаймын деген кез келген азамат мемлекеттің қолдауына иек арта алады. Сол сияқты Михаил Лунев секілді білікті мамандардың тәжірибесіне жүгінуіне мүмкіндік бар.

- Жасым әлі 17-де, бірақ менің мақсатым - қоғамға пайдалы болып, өз кәсібімді ашу. Бүгінгі семинар мен үшін өте пайдалы болды, үлкен мотивация алдым, - дейді Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті Анель Уатханова.

Кейін қарай