Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Наурыз, 2021

392

ШҚО ҚХА «Наурыз қоржыны» акциясын өткізді

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының еріктілері «Наурыз қоржыны» акциясына қатысты. Қайырымдылық акцияны «Зекет» қоғамдық қоры «Тайқазан 30 игі іс» акциясы аясында ұйымдастырды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін ұн, күнбағыс майы, қант, күріш және т.б. қажетті өнімдер кіретін 30 азық-түлік жиынтығын дайындады.

Естеріңізге сала кетейік, 1 наурызда республика бойынша «30 игі іс» марафоны іске қосылды. Осыған орай, Шығыс Қазақстан облыстық ҚХА мүшелері де игі шараға белсене атсалысып жатыр.

Кейін қарай